الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Сауат ашу курсы үш айлық емтихан тапсырды

ҚМДБ — ның  Семей аймағы бойынша «Әйел қыздар секторы» шариғат пен дүниені ұштастыра отырып     мешіт жанынандағы діни  сауат ашу курстарында білім алып жүрген  шәкірттерге  үш айлық  емтихан өткізді.

Дана халқымыз «Алтын алма, білім ал», «Білім инемен құдық қазғандай» дейді. Ал оның ішінде діни білім яғни ақыреттік білім екі дүние бақытына жеткізетін жол екені хадистерде айтылған.  «Қос мұнаралы» орталық мешіті және «Тыныбай» қалалық мешітіндегі  қыздар сауат ашу курсы 3 айлық оқудың қорытындысын жасады.

Сауат ашу курстарында  бойжеткен қыздар ,аяулы  аналар және ақ жаулықты әжелер  болып бір шаңырақ астында бір отбасындай сауатын ашқан әйел жамағаты 30-шы пара және 22 сүре бойынша  сынақ емтиханын тапсырды. Емтиханды сауат ашу курсының  ұстаздары қабылдады. Сынақ кезек бойынша екі күнге созылды.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.