الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Сауд Арабияға жарты миллионға жуық қажылар келді

Сауд Арабия қажылықтың жаңа мерзімі қарсаңында қажыларды қабылдай бастады.
Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Сауд Арабияның әуе және жер үстіндегі порттары сәрсенбі күні бойынша үстіміздегі жылғы қажылықты өтеуге келген 447 300 қажыларды қабылдапты.
Корольдіктің төлқұжат тексеру басқармасының деректері бойынша — 445 390 қажылық борышын өтеушілер әуе транспортымен келсе, ал 1912 қажылар — жер үстіндегі шекаралар бекеттері арқылы өткен екен.
Бұл көрсеткіш мұсылман күнтізбегі бойынша өткен жылғы дәл осы күнге келіп жеткен қажылардың санынан 13% артық.
Осы жылы қажылық 30-шы тамыз сәрсенбі күнінен басталып, 4-ші қыркүйек дүйсенбі күніне дейін болады деп күтілуде.
Қажылық – Исламдағы бес парыздың бірі. Әрбір мүмкіндігі бар мұсылманның тым болмаса өмірінде бір рет Меккеге барып қажылық парызын өтеуі тиіс.

 muftyat.kz