الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семей аймағында дін қызметкерлеріне «Қажылық» қорынан көмек

ҚМДБ-ның шешімімен биыл алғаш рет республикалық «Қажылық» қоры арқылы жергілікті жердегі діни қызметкерлерге жалақы төлей бастады. Осы орайда бұл бастама аясында қаржылай көмекке Семей аймағы бойынша жеті ауыл молдасына нәсіп болды.

  ҚМДБ ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  7 дін қызметкерлерге «Қажылық» қордан төленетін жалақыны салтанатты түрде табыс етті. «Мүфтият тарапынан қазіргі таңда имам-молдалар мен діни қызметкерлерге қаржылай көмек көрсетіліп жатқаны бәрімізді қуантады. Себебі елді мекендерде діни қызмет атқаратын қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы дұрыс болса ол халықпен, жастармен жұмысын жүргізуіне үлкен әсері болмақ.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.