الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семей  имамдары жылдық есеп берді (фото)

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде қала, аудандары имамдарының  жылдық есеп беру жиналысы болып өтті. ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Мүфтият тарапынан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысы жан-жақты талқылап, сала-сала бойынша атқарған игі істерді тыңдап шықты.

 Есептер арнайы бейне ролик ретінде көрсетілді.

Әрине, жақсы істерімен көрінген имамдарға алғыс айтылды. Кемшін тұстар да ауызға алынды. Себебі, имам діннің дамуына мол үлес қосатын және соның жауапкершілігін атқаратын тұлға саналады. Осы тұрғыдан келгенде әркім өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқаруы тиіс. Әсіресе, бүгінгідей әртүрлі жат ағымдар белең ала түскен кезде оларға көп жауапкершілік жүктеледі.

Жалпы, аудан имамдары төрт бағыт бойынша қолға алынған жұмыстарды тізбелеп айтты. Алдағы уақытта да бұл арнада ҚМДБ — тарапынан қойып отырған міндеттер аясында жұмыстар істелінетіні аталып көрсетілді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.