الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семей қалалық әкім ауызашар берді

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері қарай тіліміз бен дініміз оралып, қазақы салт-дәстүрлеріміз жаңғырды. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер басшы ретінде халқына мол мүмкіндіктер жасағандығының белгісі. Елімізде тұратын әр ұлт өкілі өз діні мен ата-бабаларынан қалған әдет-ғұрыптарына қайта оралу бақытына ие болды. Міне, мұсылман қауымның ерекше қуанышпен қарсы алатын Қадір түні қарсаңында Семейдегі Қос мұнаралы мешітте қала әкімі Ермак Сәлімов ауызашар берді.
Ауызашар беру сауапты амал.  Ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы Алладан болары хақ, яғни ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады. Арнайы дайындалған ауызашарға жүзден астам адам жиналды. Семейліктер өздеріне осындай тамаша мол  дастархан жайған қала әкімі Ермак Бидахметұлына шексіз ризашылығын білдірді. Ақсақалдар ақ батасын берді. Қарапайым халық қала әкімі Ермак Сәлімовке Алланың нұры жауып, Рамазан айында тілектері қабыл болсын деп разылықтарын жеткізді. Семейдегі Қос мұнаралы Орталық мешіт наиб имамы Елбек Қожамұратов, жиналған халыққа  Қадір түнінің қасиеті жәйінда уағыз насихат айтты. Ауызашарға «Ақылдастар» ауыл ардагерлері бірлестігінің төрағасы Сағындық Бейсенбаев бастаған ақсақалдар және қаладағы «Semei», ТВК-6 телеарнасының ұжымы, зиялы қауым мен ақжаулықты апа-әжелер, жалпы ораза тұтқан барша мұсылман қауым жиналды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.