الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ Семей аймақтық имамдар форумы өтті

Үстіміздегі 23 ші қазан күні Нр – Сұлтан қаласында ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ өткен болатын осыған орай Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» — атты ІІІ республикалық имамдар форумдағы қабылданған құжаттарға қатысты аймақтық форум өтті.

    Аталмыш жиынға өңір бойынша қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетіп жүрген  қала, аудан, ауыл мешіт  қызметкерлері жиналды. Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы өткізіліп отырған шараның мақсаты туралы түсіндірді. Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім басшылары арнайы  ат басын тіреді.  ҚМДБ – ның Бас мүфтиі жалпы мәселелер бойынша кеңесшісі Балтабай Уажитұлы «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» құжаттары бойынша. ҚМДБ ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасын.  ҚМДБ ның Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуезханұлы «ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі» турасында жиынға қатысушы зиялы қауымға, БАҚ өкілдеріне, жергілікті әкімшілік қызметкерлерге жалпы осы қабылданған құжаттардың мәні мен мағынасына жеке жеке тоқталып ашықтап насихаттап өтті. Семей қалалық әкімінің орынбасары Айдар Серікқазыұлы және Семей қалалық «Ислам нұры» газетінің бас редакторы Дәулет Рамазанұлы форум аясында қабылданған тұғырлы құжаттарға қатысты өз пікірлерін білдіріп, имам тұлғасы мен міндетін айқындап, қоғамдағы көптеген мәселелерді шешу жолында жүйелі жұмыс жасауына мүмкіндік беретінін жеткізді.

   Осылайша форумдағы қабылданған құжаттар жиналғандарға толықтай түсіндіріліп, қатысушыларға форум кітапшалары таратылды.

   Жиын соңында Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы  форумға қатысушыларға, Семей өңірінің дін қызметкерлерінің атынан алғысын білдірді.

Семей  Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.