الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семей өңірі бойынша «Әйел — қыздар секторы» «Адамзаттың асылы» атты   мәуліт кешін атап  өтті

Алла мінсіз ,әуелден пайғамбар хақ, Мүмін болсаң үйреніп, сен де ұқсап бақ, — деп хакім Абай айтқандай, мұсылман адамның Пайғамбарымыз с.ғ.с. — нан үйренетіні мол. Алла Елшісінің өмірлік үлгісі, біз үшін таусылмас үлгі – өнеге.

Бұған қатысты Жаратушы Иеміз құранда Әнбия  сүресінің 107 —  аятында былай деген: «Біз сені әлемдерге рақым етіп қана жібердік». Алла Елшісі рақым нұры болып жаратылып бүкіл әлемді қараңғылықтан жарыққа шығарды. Өзінің аз ғана ғұмырында қияметке дейін таусылмайтын мол мұра қалдырды.

Осындай ізгі ниетпен ҚМДБ  Семей өңірі бойынша «Әйел — қыздар секторы» меңгерушісі Тұрлықожанова Динараның ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы» атты   мәуліт кеші  өтті. Кешті құттықтау сөзімен ашқан ҚМДБ Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Мұқанов: «Адамдарды ізгі  амалдар жасауға,ауызбіршілікке  насихаттау сауапты іс.  Мәуліт өткізудегі мақсат Пайғамбарымыз с.ғ.с. асыл ғұмырын,өшпес өнегесін тағы бір ой тізбегінен өткізу. Бірақ бұл бір күнмен ғана шектеліп қалмауы керек, Алла Елшісінің сүннетін бойымызға сіңіре білуіміз қажет. Хадисте айтылғандай: «Адам сүйгенімен бірге»...»

Мәуліт кеші мешіт шәкірттерінің қатысуымен «Пайғамбарға хат» және «Сағыныш» атты  тәрбиелік мәні зор көріністер мен қойылымдарға толы болды. Хакім Абай  мен  Шәкәрім Құдайбердіұлы ақындардың даналыққа толы өлең жолдары мен қара сөздерін оқыды. Өсиет пен нақыл сөздерге толы болған «Насихат» термесі айтылды. Келген қонақтар Алла елшісі жайлы, оның көркем мінезі, ғибратты ғұмыры мен адамзат үшін атқарған зор еңбегі жайлы мол мағлұмат алып, рухани әсер алып қайтты.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.