الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семей өңірі бойынша Қос мұнаралы  орталық  мешітінде имамдар аттестациядан сынақ тапсырды

Аттестациялық сынаққа Семей өңіріне қарасты қала, аудан, ауыл имам молдалары қатысып, өз білімдерін сарапқа салды. Сынақ екі кезең бойынша өтті. Сынақты имамдар автоматтандырылған режимде, яғни, компьютерге енгізілген бағдарлама арқылы тапсырды.

Бірінші кезеңде имамдар қырағат, тәжуид, ислам тарихы, тұғырнама және тұжырымдама бойынша ауызша сынақ тапсырып, тақырыптар бойынша сауалдарға жауап берді. Екінші кезең тест сұрақтарына құрылды. Бұл кезеңде имамдар ақида, фиқһ және әкімшілік жүйе (қолданыстағы заңнамалар) бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап берді.

Балдық жүйе бойынша білім сараланған аттестацияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфтидің жалпы мәселелер бойынша кеңесшісі Мекежанов Балтабай Уажитұлы төрағалық етті. Сондай ақ, сынақ комиссиясы құрамында ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Дін істер жəне талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет болды.

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдардың білім деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында аттестациялау, тағайындау және ұсынудың жаңа тәртібін қалыптастырды. Осылайша, мүфтияттың Ғұламалар кеңесі имамдарды аттестациялаудың өзіндік ережесін бекітті.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.