الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семей өңірі Ораза Айт мерекесін атап өтті (ФОТО)

Жаратқанның қалауымен бір ай бойы Ораза тұтып, Ораза айт мерекесіне де жеттік. Кеше барша қазақстандық мұсылмандар 29 күн Оразаны тәмамдап, өзара «Ораза қабыл болсын!» айтып, ауыз ашты.

Мұсылмандар үшін екі мереке бар.  Ораза айт және Құрбан айт.

Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы барлық қала жұртшылығын  мұсылман әлемінің қастерлі мерекесі Ораза айт мейрамымен құттықтап: «Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке – Исламның ғасырлардан бергі игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі. Қасиетті Ораза айт мерекесі арамыздағы ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен мол игілік, береке әкелсін! Ынтымағымызды нығайта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мәдени және рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан әрі ықпал етуіміз қажет», – деді және ары қарай сөзін Ораза айт мейрамының қасиеті, маңызы және адамгершілік, бірлік тақырыбындағы  уағызымен  жалғастырды. Тамаша уағыз-насихат пен құттықтаудан кейін жамағат ораза айт намазын оқу үшін сапқа тұрды.

Осы қасиетті айт мерекесінде барша мұсылман қауымға амандық-саулық және ауыз біршілік тілейміз. Әмин!

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі