الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

СЕМЕЙ ӨҢІРІНЕ ЖАҢА ӨКІЛ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен Мұқанов Асқар Әбітайұлы Семей өңірі бойынша өкіл имам Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешітінің бас имам қызметіне тағайындалды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы жұма намазы алдында «Қос мұнаралы» орталық мешітінің ұжымы мен жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық сәлемін жеткізіп жаңа басшыны таныстырып, бас мүфтидің бұйрығын оқып берді.

Мұқанов Асқар Әбітайұлы

1984 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында қазақ отбасында туған.

Осы ауылдағы «Б.Соқпақбаев»  атындағы  орта мектеп-гимназияда 1991—2001 жылдар аралығында оқыған. 2005—2013 жж...  Египет Араб республикасы Каир қаласы «Ал-Азһар»  Ислам университетінде «Шариғаттану» мамандығы бойынша тамамдады. Оқу жылдарында  ҚР-ның Египет Араб республикасындағы  елшілігінің тағайындауымен ҚР-ның Мысырдағы студенттерге жауапты староста қызметін атқарды. 2014—2016 жылдар аралығында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  «Исламтану»  мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

2014 жылы Мәскеу қаласындағы «Терроризм мен Экстремизмнің алдын алу жолдары» мақсатында жүргізілген 2 апталық семинарға қатысып сертификат алды.

2015 жылы ҚР-сы Призиденті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында  саясаттану, әлеуметттану  пәндері бойынша 1 апталық семинарға қатысып сертификат алды.

2010 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, мешітте және «Үшқоңыр» медресесінде ұстаз қызметін атқарады.

2013—2015 жылдары  Алматы қаласы Бостандық ауданы «Орбита» мешітінде наиб имам қызметін атқарады.

2013-жылдан бері  ҚМДБ-ның жанынан құрылған  Республикалық ақпараттық-насихат (РАНТ) және Жергілікті ақпараттық-насихат (ЖАНТ) тобының тұрақты мүшесі. РАНТ жұмысы барысында теріс ағымның алдын алу мақсатында исламтанушы-теолог ретінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өңірлердегі кездесулерге белсенді түрде тұрақты қатысып, еліміздегі жалпы діни ахуал мен діни конфессиялық келісімнің тұрақтылығына өз үлесін қосып келеді.

2014—2015жж.  Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінде тәрбиеші ұстаз қызметімен жұмыс істейді.

2015 жылы қараша айынан бастап  Астана қаласы Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде сауат ашу курсы, теріс ағыммен жұмыс жасау  бағыттары бойынша наиб имам қызметін  атқарды.

2017 жылы мамыр-желтоқсан айлары аралығында «Әлжан ана» мешітінің бас имамы қызметінде қызмет етсе, 2017—2018жж. Астана қаласының өкілі имамы, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы ретінде жұмыс істеді.

2018 жылдың қазан айынан бастап, 2019 жылдың қазан айына дейін «Нұр Астана» қалалық мешітінің бас имамы міндетін атқарды.

2017—2019жж. қазан айынан бастап «Әлжан ана» мешітінің жанынан ашылған «Имамдардың білімін жетілдіру және кәсіби қайта даярлау» Республикалық орталығының директоры қызметінде болды.

2019 жылдың қазан айынан бастап ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Діни бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткізілетін жинасылтардағы ҚМДБ өкілі ретінде тұрақты қатысушысы.

Араб, тілін жетік меңгерген. Отбасылы, 4 баласы бар.

Ал бұған дейін Семей өңіріне өкіл имам  болған Алтыбай Мақсат Қуанышұлына Алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты. Саналы өмірі мен бар білімін Семей өңірінде дін исламның өркендеп, дамуына арнаған дін қызметкері алдағы уақытта мешіттің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастыратынын айтты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атынан Мұқанов Асқар Әбітайұлын «Қос мұнаралы» орталық мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметте толағай табыстар тілейміз.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі