الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семей жамағаты қариларға құрмет көрсетті (фото)

Қасиетті Рамазан айында Құран-Кәрімді қатым етудің жөні бір бөлек екені белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша Қасиетті Рамазан айында Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешіті мен Семей қалалық Тыныбай мешітінде және Шәкәрім қажы мешітінде бір ай бойы тарауық намазында Құранды бастан аяқ оқып, хатым еткен Буйнами Билге мен Сыддық Гулер және жерлесіміз  Сағындық Мухидтинұлы  бауырларымызға  жамағат Алла разы болсын! – деп ризашылығын айтып қазақи дәстүр бойынша құтты қонағымыздың иығына шапан жапты. 114 сүре, 6666 аяттан болған сауапты, Алла Тағаладан қабыл болуын тілеп дұға қылған, өкіл имам Мақсат Қуанышұлы, еліміздің іргесі аман болуын, тыныштығымыз тұрақты болуын, береке-бірлігіміз жарасып, қуаттана беруді нәсіп етсін деп, Алла Тағала әр түрлі табиғи апаттардан, қауіп-қатерлерден сақтасын деп дұға етті. Дініміз тұрғысында 30 пара Құран аударылған жерде береке болады деген. Осы мақсатта әр облысқа қарилардың келуін қамтамасыз етіп отырған, дінбасы Ержан Малғажыұлы хазіретке жамағат алғыстарын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі