الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семейде  «Имамның тұлғалық келбеті» атты семинар

Семей аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен  Қос мұнаралы орталық мешітінде Семей аймағына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдарға арналған «Имамның тұлғалық келбеті» атты семинар өтті.

    Жиында алғаш болып сөз алған ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы имамның ұстанатын мінез-құлқы, тәртіп, әдеп мәселесі турасында сөз қозғады. Сонымен қатар мешіт имамдарының әдептері жөнінде аудан, қала имамдары уағыз айтты.

   Өкіл имам: «Әрбір имамның біліктілігі, білімі жоғары болу керек. Бұл бүгінгі өскелең заманның   басты талабы.  Дін қызметкерлері бұқара арасында үгіт- насихат жұмыстарын жақсартып,  жергілікті БАҚ- тармен тығыз байланыста болған абзал, — деді.

  Жиында имамдардың жұмыстары сарапқа салынып, жіберілген қате-кемшіліктер жөнінде  ауызша ескертулер де берілді. Жастар ісі бөлімінің кездесулер санын арттыру, дәстүрлі дінімізді көбірек насихаттау сынды жұмыстарын жандандыру жөнінде  тапсырмалар берілді.

   Өкіл имам жақсы қызмет атқарған ауыл имамдарын  алғыс хатпен марапаттады. Шара соңында өкіл имам семинарға қатысқан имамдарға діни қызметте сәттілік тіледі.

Семей  Қос мұнаралы  орталық мешітінің баспасөз қызметі.