الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семейде қажыларға семинар өтті

Ислам дініндегі 5 парыз бірі – ұлы қажылық ғибадаты. Қажылық сапарының уақыты да жақындап, таяп келеді. Соған орай, Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешіті жанындағы ғимаратта жиналған көпшілік жамағатқа қажылық парызының рәсімдері түсіндірілді. ҚМДБ-ның Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Баешов Бекзат Боранбайұлы жамағатқа ұлы сапардың рәсімдерін, атап айтқанда, тауаф ету, ихрам кию, Сафа мен Маруа төбелері арасында сағи жасау турасында түсіндірді. Семей аймағы бойынша қажылық бөлімінің өкілі Біржан Аманжолұлы  қажылықтың шарттары мен ережелерін түсіндірді. Тауап қалай жасалатынын, сафа мен маруа арасында қалай жүру керектігін, ихрамға кірген соң не нәрсеге мұқият болу қажеттігін түсіндірді. Қасиетті мекендегі құлшылықтарды қателеспей жасау үшін әрбір мәселені түсіндіріп өтті. Қажылыққа аттанатын бауырларға сапарларына сәттілік тілеп, ұлы ғибадаттың қабыл болуына тілек білдірді.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.