Семейде өткен Құран жарысы (фото)

Қасиетті Қадір түні қарсаңында Семей аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен.  Бір мұнаралы  Тас мешітте Семей қалалық мешіттерінің жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері арасында  Құран Кәрімнен жарыс өтіп, байқауда 30-ға жуық жасөспірім сынға түсті. Айтулы шараға алқа мүшелері Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Тасболатұлы Елбек, Қос мұнаралы орталық мешітінің ұстазы  Шакиров Асқар,  Бір мұнаралы Тас мешітінің бас имамы Нүрбек Нәдірұлы, Ислам нұры газетінің бас редакторы Дәулетхан қажы Рамазанұлы, қатысып, байқау жеңімпаздарын сарапқа салып, жүлделі орын тағайындалды Бас жүлде Самиулаұлы Мұстафаға велосипед. Бірінші орын Илияс Русланұлына  велосипед, екінші орын Хамзаұлы Әмірге велосипед, үшінші орын Фаридұлы Файлге велосипедпен арнайы сертификат сыйлықтарымен марапатталды, басқада  қатысқан шәкірттерге ақшалай сыйлық үлестірілді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.