الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семейде өткен  Мәуліт кешінде еңбегімен еленіп жүрген азаматтар марапатталды

Жақында ғана өткен ІІІ Имамдар форумында қабылданған тарихи құжат жамағат бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыра отырып, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырта түсуге бағытталған. Аталмыш құжатта адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті қасиет айрықша аталады. Дәлірек айтқанда, имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділетті болу асыл қасиеттерді әр адам баласы өз бойына қалыптастыра білсе, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған берекелі қоғам орнайтыны сөзсіз. Семей қалалық Абай драма театрында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасының мақсатымен міндеттерін халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында елімізге өз еңбектерімен үлес қосып жүрген азаматтарды жеті номинация бойынша жүлделі орынға ұсынылды. Атап айтқанда:

ИМАНДЫЛЫҚ  номинациясы бойынша Ахметсафаұлы Мұзафар аға.  1970 жылдан бері Мед. Институтының  ұстазы, профессор, доцент, медицина ғылымының кандидаты. Әкесі Ахметсафа Қалдыбайұлы  1954—1973 жж аралығында имамдық қызмет атқарған. 10 тілді жетік меңгерген. 1958 жылы қажылық парызын өтеп келген.

ОТАНШЫЛДЫҚ  номинациясы бойынша Салех Мухаммад Самиғулла.  2003 жылы Отанымыз Қазақстанға оралған қандасымыз. Жеке кәсіппкер. Қари.

БІЛІМДІЛІК  номинациясы бойынша  Арафат Мажитұлы. Қазақ иновациялық гуманитарлық заң университетінің гуманитарлық факультетінің деканы.  Арафат ағамыздың жетекшілігімен «Еуро аудит групп» білім беру орталығы бірнеше жылдан бері Ұлттық бизнес рейтингте Жыл үздігі номинациясын иеленді. және Арафат ағаның қолдауымен 100 аса студент  шет мемлекеттерде білім алуда. 3 монография, 50 ден астам ғылыми әдістемелік публикациялар, мақалалар мен тезистердің авторы.

 АУЫЗБІРШІЛІК номинациясы бойынша  Гулжихан Әмірғалиқызы. 1991 жылдан бері « ӘМИНА МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕРІ»  одағының төрайымы. Ұлттық құндылықтар мен салт дәстүрді насихаттауға  зор үлес қосып келген.

 ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ  номинациясы бойынша  Абылайхан Қалқаұлы. Темірден түйін түйген шебер.  Шәкірт тәрбиелеген. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. Түрлі республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы.

МӘДЕНИЕТТІЛІК номинациясы бойынша  Рахиев Мақсат қалалық мәдениет сарайының әншісі. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету қайырымдылық шараларының ұйымдастырушысы.

  1. ӘДІЛДІК номинациясы бойынша Диас Ернұрұлы. Қазақ иновациялық гуманитарлық заң университетінің « Бизнес инкубатор» орталығының басшысы. Жас заң достастығы қоғамдық қорының мүшесі. Әлеуметтік жобалардың авторы.

Осы аталған жеті номинация бойынша үздік деп танылған азаматтарға көпшілік алдында Семей аймағы бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы салтанатты түрде сый сияпатпен марапаттады.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі