الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семейде тегін көлік акциясы ұйымдастырылды (фото)

Бірнеше күннен бері қатты аяз Семей қаласының тұрғындарының жүріс-тұрысына аса қиындық келтіріп тұр. Осыған байланысты ҚМДБ Семей  аймағы өкілдігі қала тұрғындарын  тасымалдайтын «Тегін көлік » акциясы өтуде.

«Қатты аяздың салдарынан  Семей қаласындағы қоғамдық көліктердің жүрісі қиындап, қала тұрғындарының жұмысқа келіп — кетуіне айтарлықтай қиындықтар туындап отыр. Мешіт дін қызметкерлері аялдамада тұрған және қол көтеріп тоқтатқан жүргіншілердің барлығын қажетті  жерлеріне жеткізіп салуда.

Сонымен қатар, үскірік аяз күндері мешіт жағдайы төмен отбасыларға тас көмірмен, қамтамасыз етті.

Қазіргі таңда Семей «Қос мұнаралы» орталық мешіті және қалалық мешіттердің имамдарымен қызметкерлерінен құралған 10-нан астам көлік қала тұрғындарына, тегін қызмет көрсетуде.

Қала халқы көңілге жылылық ұялатып, адамдарды ізгілікке жетелейтін игілікті шара жасағаны үшін ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіруде.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.