الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семейде Жағдайы төмен отбасыларға тегін қайырымдылық көмек көрсетілді

        Ү.ж қараша айының 6 шы жұлдызы күні ЖКҚ шаруа қожалық мекемесінің ұжымы, Семей өңірі бойынша  бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлының бастауымен (Зекет қоры) мен мешіт имамдарының ат  салысуымен 30 тонна картошка, жағдайы төмен және мұқтаж жандарға, қала тұрғындарына қайырымдылық іс шара ұйымдастырылды.

           Алла Тағала Құранда: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» («Әнғам» сүресі, 160-аят), – деп айтқан.

          Осы ретте  Тас мешттің имамы Нұрбек Назерұлы сөз сөйлеп, ұлағатты ойларын ортаға салды. Жалпы, Ислам дінінің адамзатты тек жақсылыққа үндейтіні жайлы айтты. Қайырымдылықтың кісі бойындағы ең ізгі қасиеттің біріне жататындығын жеткізді. Игі, ізгі, сауапты іс-шараларға ат салысқан азаматтарға алғысын білдіріп, болашақта өз үлесін қосуға ниет еткен қайырымды жандардың қатары көбейетініне сенеді.

         Қайырымдылық көмек көрсеткен жанашыр жандарға жиналған жұртшылық алғыстары  мен ризашылықтарын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.