الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семейдегі әуежайға Хакім Абайдың есімі беріледі

Семейдегі әуежайға Хакім Абайдың есімі беріледі

Семей қаласындағы әуежайға Абай Құнанбайұлының есімін беру туралы ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдады.

Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді, — деп жазды Семей қаласының ақпарат орталығы.

Айта кетейік, келесі жылы тойланатын Абайдың 175 жылдығына орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді. Ал елордада «Абай әлемі» деген үлкен орталық салынады.

kazislam.kz