الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

СЕМЕЙДЕГІ ТАРИХИ МЕШІТТІҢ КЕЛБЕТІ НҰРЛАНДЫ

Семей қаласында орналасқан  Қос мұнаралы орталық  мешіт  еліміздегі санаулы  тарихи ғимараттардың   бірегейі болып саналады. 1862 жылы Сүлейменов, Әбдешов, Рафиқов, Халитов есімді бай  көпестердің  қаражатымен бой көтерген мешіт — Құнанбай қажы, Шоқан Уәлиханов, хакім Абай, Шәкәрім қажы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов  сынды  көптеген әйгілі тұлғалардың ізі қалған  тарихи ғимарат.

      Өзінің бірнеше жер асты жолдарымен  ерекшеленген мешіт үйінде бай кітапхана болғандығы ғимараттың жер асты қабатын жөндеу кезінде анықталды. Семейлік мұсылмандар үшін үлкен рухани орда болған ғимарат кеңестік дәуірде көптеген қиындықтар көріп, әр түрлі қолданыста болды. Соған қарамастан мешіт өзінің тарихи келбетін сақтап, ел тәуелсіздігінің  алғашқы жылдарынан бастап Семей қаласының орталық мешіті деген мәртебеге ие болды.

      2002 жылы өкілдіктің бастамасымен  қалалық әкімшілік, жергілікті кәсіпкерлер мен жұртшылықтың қолдауымен Қос мұнаралы мешіттің іші-сыртына  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы қолданыста болмаған мешіттің  жертөле қабаты толықтай тазартылып, қолданысқа берілді.

       Үстіміздегі жылы ұлтымыздың рухани ұстазы Абай бабамыздың  175 жылдық мерейтойы қарсаңында өкіл имамның бастамасымен   Шығыс Қазақстан Облысының әкімі Даниал Кенжетайұлының қолдауымен "ФИРМА «АЗИЯ» ЖШС басшысы Сәуле Досқожанованың  ұйымдастыруымен тарихи мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тарихи мешіттің келбеті бұрынғыдан да нұрлана түсті. Төрт ай ішінде мешіттің шатыры, күмбезі  толық жаңартылып,  мешіттің алды мәрмәр таспен  безендендіріліп,  мешіт ауласы  толық асфальтталды. Бастапқы архитектуралық үлгісін сақтай отырып, жаңарған шежірелі ғимарат бүгінде қала қонақтары мен туристер   қызыға қарайтын көрікті орындардың біріне айналды.

     Тарихи мешіттің сәулетін жаңғыртып, игілікті іс атқарған елағаларына, ұлтжанды азаматтарға  Семей тұрғындары атынан  зор алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала егеменді еліміздің  игілігі жолындағы жауапты  қызметтеріне зор табыс нәсіп етсін! Әмин!

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.