الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семейліктер «Асарда» бас қосты

Жақында Семей қалалық әкімшілігі әлеуметтік желідегі қалалықтарды салынып жатқан мешіт құрылысына орай ұйымдастырылатын Асарға шақырған еді. Осы мақсатта, мешіт құрылысы алаңына қаланың құрметті ақсақалдары, мешіт имамдары, жеке кәсіпкерлер, жастар ұйымдары мен еріктілер жиналды. Олар мешіттің айналасын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Аталған мешіт құрылысы 2008 жылы басталып, түрлі себептермен жұмыстар тоқтатылған болатын. Алайда, былтыр мешіт құрылысы қайта жанданды. Кәсіпкер Тұрсын Таскеев өз қаражаты есебінен мешіттің ішкі құрылыс жұмысын қолға алған.

Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы өз сөзінде Бұл мешіт қаламызға еліміздің көрік беретін сәулетті ғимараттардың біріне айналары сөзсіз. Осы ретте, баршаларыңызды сауапты іске жұмылуларыңызды сұраймын деп асарға шақырды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.