الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Семинарға қатысушыларға сертификат берілді (ФОТО)

 Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚМДБ-ның бастамасы бойынша Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтіп жатқан «Әйелдер-қыздар» секторы жетекшілеріне арналған «Рухани жаңғырудағы әйел адамның орны» атты Республикалық семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Шараға Өскемен аймағы бойынша өкіл имам Ермек қажы Тасболатұлы, ҚМДБ «әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі Ақбөпе Қанатқызы қатысты.

«Біз бұл шараны рухани жаңғыру бастамасына сәйкес «әйелдер-қыздар» секторын дамыту туралы ҚМДБ-дан берілген бағыт бойынша жасап отырмыз. Семинар барысында ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы кері ағымдардың алдын алу тақырыбында бірқатар дәрістер тыңдалды. Әйел ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті»

деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, салтанатты рәсімде .

Жиын барысында ұстаздар қауымы «Әйелдер-қыздар» секторы жұмысын дамыту туралы пікір алмасты. Осындай игі бастаманың маңыздылығын ортаға салды.