الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ƏКІМДІГІНДЕ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен əкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңейтілген Кеңес отырысына қатысты.

Кеңес жұмысын ашқан Бердібек Машбекұлы алғашқы сөзді Серікбай қажы Сатыбалдыұлына ұсынды.

Кеңесте сөз алған Бас мүфти:

«Ислам — қоғамның рухани тірегі. Еліміздің тұрақтылығы мен ұлттардың өзара татулығының нығаюына үлес қосуда дін қызметкерлеріне де артылар жауапкершілік үлкен. Жұмыс барысында имам-молдаларды тарихи кезеңде ұдайы белсенді қызмет етуге үндеп келемін. Баршамыздың мүддеміз бір: қоғам тұрақтылығы мен татулығы», — деп атап өтті.

Кеңес жұмысында облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Əбдімүтəлі Дəуренбеков баяндама жасады.

Кездесу соңында Бас мүфти жергілікті түрлі саладағы мекеме басшыларының сұрақтарына жауап берді.