الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

Адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деп өсиет айтады. Осы бір ұлағатты сөзді жүзеге асырып  ,өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлының ұйытқы болуымен Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу ,  курстарында тәлім алып жүрген қыз-келіншектер арасында «Дұха мен нәс» және «30-пара» деген  аталым бойынша құран жарыс өтті. Жарысқа ауыл аудандардан келген сауат ашу курсының шәкірттері және ақ жаулықты әжелеріміз де қатысып бағын сынады. Сауат  ашу курсына келуші әйел адамдардың  ынталарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған Құран жарысы өте жақсы өтті.  «Дұха мен нас» бойынша 3-орын Аягөз ауданынан келген Рахметова Шырын қызымызға, 2-орын орталық мешіт шәкірті Бисембекова Құрманбике апайымызға,1-орын орталық мешітінің шәкірті Амангелді Мирамгүл қызымызға бұйырды. «30-пара» бойынша 3-орын Семей қаласының тұрғындары  Абдулгани Карима қызымызға, 2-орын Бурабай Назгүл қызымызға, 1-орын Тыныбай мешітінің шәкірті Динара қызымызға бұйырды. Жарыс жүлдегерлеріне I, II, III орын алғандарға ақшалай сыйлық және өкіл имамның атынан марапатталды. Қатысушыларға да арнайы сыйлықтар берілді. Жарыс соңында көрермендердің  ынтасын арттыру ниетімен уағыз айтылды. Соңынан жарысқа қатысушыларға  дастархан жайылып ас берілді.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

«Суреттерді толығырақ фотогалереядан көре аласыздар»