Шәкірттер жазғы сауат ашу курсын тамамдады

Аягөз қалалық мешітіне қарасты «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында дәріс алушы ұл балалар  жазғы сауат ашу курсын тамамдады.  Шәкірттер алған ілімдерін сай сынақ тапсырып, қолдарына сертификатпен қоса үздік шәкірттердің ата – аналарына алғыс хат табысталды. Орталық саябақта  шәкірттерге  демеушілер Талғатпен Баян саябақтағы батут, айналмалы әткеншекте тегін ойнап, сонымен бірге балмұздақ таратып, балалар қызықты уақыттарын өткізді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі