الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Шарапаты жауған Рамазан айындағы қайырымдылық (фото)

Қасиетті Рамазан айында садақа беріп, қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып саналады. Осыған орай Семей қаласындағы «Қос мұнаралы» орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қайырылымдылық шараларын көбірек ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отыр.  Рамазан – қайырымдылық айы, бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа еселенетіні белгілі. Осы сәтті пайдаланып, Семей орталық мешіті, тұрмысы төмен 150  отбасыға,  азық-түліктей, қаржылай көмек көрсетілді.

Жиналған халыққа  өкіл имам Алтыбай Мақсат Рамазанның қасиеті, бірлік, ынтымақ туралы уағыз-насихат айтты. Көмекке мұқтаж болған жандар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған мешіт ұжымына өз алғыстарын білдірді. Қайырымдылық іс – шарасы қаламыздағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, қарттар мен жалғыз басты аналар, т.б мұқтаж адамдарды қамтыды.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі  Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – деп айтылғандай, қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік ағайын.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.