الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ШҚО мешітінде күннен қуат алатын панельдер орнатылды

ШҚО мешітінде күннен қуат алатын панельдер орнатылды

      ҮРЖАР. ҚазАқпарат — Шығыс Қазақстан облысындағы Мақаншы ауылдық орталық мешітінде күннен қуат алатын панельдер орнатылды. Атап өтілгендей, мұндай жоба Орталық Азия аймағындағы мешіттер арасында алғаш рет қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   Шымкент қаласының «DALA SOLAR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бұл жөнінде ұсыныс айтып, мүфтият өз тарапынан рұқсат берген. Аталмыш компания өз қаражатына қайырымдылық жасап, қазір Үржар ауданына қарасты Мақаншы ауылының орталық мешітіне құны 5 млн теңге тұратын күннен энергия алатына панельдер орнатуда. Күн тақтайшалары сағатына 5 киловат энергия өндіреді.

ШҚО мешітінде күннен қуат алатын панельдер орнатылды

       «Үкімет жасыл энергияны дамытуды көздеп отыр. Қазіргі таңда баламалы энергия алу әлемнің дамыған мемлекеттерінде жүзеге асып жатыр. Мысалы, Германия, Аустрия, Чехия, Қытай, Америка сынды дамыған мемлекеттерде балама энергия алу жақсы жолға қойылған. Біз де өркениетті елдердің осы тәжірибесін сіңірсек деген мақсат қойдық. Қазіргі таңда оңтүстік өңірде күн сәулесінен сағатына 100 МВТ тоқ алатын үлкен инвестициялық жобаны қолға алып отырмыз. Ойымызда бір мешітке осындай күн электр стансасын орнату ниетіміз бар еді. Осы жұмысты бір-екі күнде аяқтаймыз», — дейді «DALA SOLAR» ЖШС директоры Ермек Қариев.

Мақаншы орталық мешітінің бас имамы Ұлан Нұрмұхаметұлы құлшылық үйіне көмек жасаған аталмыш компанияға алғыс білдірді.

 

ШҚО мешітінде күннен қуат алатын панельдер орнатылды

ШҚО мешітінде күннен қуат алатын панельдер орнатылды
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.kazinform.kz/kz/shko-meshitinde-kunnen-kuat-alatyn-panel-der-ornatyldy_a3222951