Су тасқыннан зардап шеккен Семей қаласындағы Затон, Мирный, Бобровка ықшамаудандарына мешіт тарапынан қайырымдылық көмек көрсетілді. ФОТО

Наурыз айының соңында облыс аумағында, оның ішінде Семей өңірінде жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апат айтып келмейді, сондықтан да адам баласы осы жағдайда түрлі қиындықтарға ұшырайды. Әсіресе, тірнектеп жинаған дүниесі суға кетіп жатқанда, кез келген  адам психологиялық сипаттағы қысымға түседі. Қазақ халқы мұндай қиын – кезеңдерде  бір-біріне қол ұшын беріп, көмек жасаған. «Асар», «жылу жинау» деген дәстүрлер сол кездерден бастау алып бүгінге дейін жалғасып келе жатыр. Қазіргі уақытта бұл дәстүр жастар арасында да белсенді жүруде, олар еріктілер деген арнайы атқа ие болған. Осындай қиын сәттерде қала тұрғындарына қолдау көрсетіп, көмек жасау мақсатымен  ҚМДБ — ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының  бастамасымен ел азаматтарын тарта отырып, Семей қалалық  Бір мұнаралы « Тас» мешітінде де осындай қайырымдылық іс қолға алынды. Затон, Мирный, Бобровка ықшамауданында үйлері суға кеткен тұрғындарға азық-түлік таратылып, көмек жасалынды. Қиындық көріп отырған осы ықшам аудандарға 200 тұрғынын Семей қалалық мешіттер тарапынан  азық-түлікпен қамтылды. Ең қажетті деген алғашқы заттармен қамту, жаны қысылып отырған ағайынға аз да болса, азық-түлік беріп, демеу, олармен әңгімелесу, тығырықтан шығудың жолдары туралы ислам тағылымдарымен таныстыру – бұл күннің негізгі өзегі болды. Қиындыққа тап болған жамағат осындай кезеңде ислам дінінің шарапатына ие болғандарына аса үлкен ризашылықтарын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.