الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға қайрымдылық көмек жасалды

Апат  айтып келмейді демекші облысымыздың бір шама аймақтарында су тасқыны жүріп халықымыз баспаналарынан айырылып қатты қиналып қалды. Бұл сынаққа біздер сабырлық қылып бір бірімізге барынша жәрдемдесуіміз қажет.

 «Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Яғни қиын қыстау кезеңде бірімізге біріміз қарайласу әр мұсылманнаң міндеті әрі сауапты іс.

Осындай ел басына күн туған кезде еліміздің әр аймағынан апаттан зардап шеккендерге көмек келіп жатыр. Қаламыздағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға келген гуманитарлық көмектің таратылуын ҚМДБ — ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының   бастамасымен Семей өңірі бойынша «Әйел -қыздар секторы» өз мойынына алған болатын. Азық-түлік пен киімдерді қала мешіттеріне бөліп таратты. Нахаловка кентіндегі Төкеш мешіт маңында бір апта бойы апаттан зардап шеккен отбасылар мен көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар өздеріне қажет киім мен аяқ киімдерді өлшеп таңдап әкетіп жатты. Жалпы Төкеш мешітінен 200 астам отбасы  киім-кешекпен қамтылды.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.