Тарбағатай ауылындағы Мәуліт мерекесі

Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылында Мәуліт айы құрметіне ауданға қарасты ауылдардан келген жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өтті. Тарбағатай әкімі Ербол мырза, аудан имамы Думан Нәдірұлы жамағатты Мәуліт мерекесімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Мешіт шәкірттері салауат айтып, өлең – жырларын оқып, көрініс көрсетті. Мереке соңы ақдастархан басында жалғасып, имамдар уағыз – насихат айтты. Ауыл халқы разылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі