Тегін автокөлік

Мешітке тарауихқа келуші жамағатқа енді такси тоқтатып тұрудың қажеті жоқ. «Қос мұнаралы» орталық мешітінде игі бастама қолға алынды. ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен енді тарауих намазына келушілерге тегін автокөлік қызмет көрсетуде.

Өткен аптада басталған игі істің игілігін көріп жатқандар көп. Бәрі өкілдіктің оңды ісіне дән риза. «Тегін автокөлік» қызметі тарауих намазы аяқталғанша жалғасатын болады.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.