الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«Тегін такси» акциясы

Аягөз қаласында жексенбілік «Жақсылық» базарында бірнеше жылдан бері қасиетті Рамазан айында «Тегін такси» акциясын ішкі саясат бөлімімен орталық мешіт ұйымдастыруымен өткізіліп келетін. Сол үрдіс жалғасын тауып, таңертеңнен мешіт ауласына жеңіл автокөліктер ағыла бастады. Автокөліктерге «Тегін такси», «Ораза қабыл болсын» жапсырмалары жабыстырылып, бас имам Думан Нәдірұлы қасиетті айдағы ізгі іске сәттілік тілеп, бата берді. Ұлық айдағы игілік іске жексенбілік базардан азық – түлікпен, керек – жарағын алған көпшілік ораза айындағы осынау жақсылықтарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.