الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Тыныбай мешітіндегі Мәуліт кеші (фото)

Еліміздің барлық мешіттерінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған Рабиул әуәл айының құрметіне Алла елшісін халыққа жақынырақ танытатын Мәуліт кештері аталып өтуде.

Сондай кештің бірі ҚМДБ – ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Семей өңірі бойынша әйел қыздар секторының ұйымдастыруымен Тыныбай мешітінде Мәуліт аталып өтті. Көп балалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қонаққа шақырылып, оларға тәрбиелік мәні бар бағдарлама ұсынылды. Іс-шара мақсаты балалар мен келген қонақтарға дінімізді насихаттап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен үлгілі өнеге көрсету.

Іс-шараны Тыныбай мешітінің бас имамы Біржан Аманжолұлы Құран бағыштап, Мәуліттің ерекшеліктері мен маңызы жайлы уағыз айтып бастады. Бағдарлама барысында сауат ашу курсының шәкірттері Пайғамбарымыздың (с.у.а) өмір дастаны Мәуліт оқып, уақытты пайдалы өткізу жайында өлең жолдарын оқып, Алланың көркем есімдерін баяндады. Шәкірттердің орындауында «Мейірімділіктің қасиеті» атты көрініс қойылды.

Қонаққа келген отбасылар мен балаларға қайырымдылық жәрменкесінен түскен қаражатқа азық- түлік, киім және әр түрлі сыйлықтар таратылды. Балаларға алған іліміне пайдалы амал істеу ниетімен күнделікті өмірде қолданатын дұғалар жинағы үлестірілді. Келесі кездескенге дейін жаттап күнде оқып жүрсін деп тапсырма берілді.  Келген қонақтар шәкірт апаларымыздың жайған дастарханынан дәм татып қайтты.

 

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.