الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«Уақып» қоры балалардың мектепке баруына қолдау көрсетеді

«Уақып» қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен және «UMMET», «Харекет» қайырымдылық қорларымен бірлесіп «Мектеп сөмкесі» қайырымдылық акциясын өткізеді, деп хабарлайды diakom.gov.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Акция ағымдағы жылы 18-26 тамыз аралығында өтеді. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, мүгедек балаларға және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп сөмкелері мен қажетті құрал-жарақтарын тапсыру бойынша жаппай қайырымдылық шаралары, барлық облыстарда, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ҚМДБ мешіттерінде, сауда және ойын-сауық орталықтарында өтеді.

«Уақып» қазақстандық қоры жаппай қайырымдылық қорлары мен демеушілерді тарта отырып, оқу құралдарымен толтырылған 2000 сөмке сатып алды. Қор ниет білдірген азаматтарды балаларға сөмке және оқу құралдарын алу үшін «Мектеп сөмкесі» акциясына қосылуға шақырады.

Айта кетейік, «Уақып» қорының қызметі коммерциялық емес, қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, діни радикализмнің алдын алуға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталады.

ummet.kz