Умра қажылығы сертификаты табысталды

Аягөз қалалық мешітінде ауданға қарасты мешіт қызметкерлерімен имамдарының кезекті жиынында «Үздік имам» байқауы жарияланған болатын. Бас имам Думан қажы Нәдірұлы байқаудың негізгі шарттарымен, тәртібін түсіндіріп, қорытынды жиылыста үздік имамды умра қажылығына жіберуді ниет қылған болатын. Жыл бойғы атқарылған істермен, имамның этикасы, ҚМДБ – ның төрт бағыт бойынша тапсырған істеріне сай болған имамды бағамдай келе, мешіттің наиб имамы Нұржан Медеуханұлына демеушілер қолдауымен умра қажылығы сертификатын табыстады. Наиб имам умра қажылығына сапарға шықты. Ауданда алдағы уақыттада да осы ізгі іс өз жалғасын таппақ.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі