الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Ұрпақ тәрбиесіндегі ұлы мұрат

Семей қалалық «Қос мұнаралы» орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Боранбайұлы Семей қаласындағы Педагогикалық колледжде «Дін және Отбасы» тақырыпта дөңгелек үстелге қатысты.

«Кешегі толарсақтан саз кешіп, ер жастанып өткен батыр бабаларымыз арман еткен бейбіт те тыныш тіршілікті ұрпағы – біздер көріп отырмыз. Тәуелсіздігімізді ту етіп, болашаққа бағыт алған еліміз үшін әр адам «мен қандай үлес қосамын» деген ойда болуы керек. Тек ойлап қана емес, осы мақсатта жеңісті, еңбекте жемісті болуды бағдар етуіміз қажет. Бұл ретте біз болашақ – жастардың қолында дейміз. Тереңірек ой жүгіртсек, сол жастарға дұрыс тәлім-тәрбие беретін – ана деген ардақты адамдар» деп Бекзат Боранбайұлы әйел баласының қоғамдағы, өмірдегі орнына тоқтала кетті.

«Бәріміз де кешегі текті атаның ізгі жалғасымыз, олардан қалған дәстүр мен дін, мына атамекен, тілі мен ділі – бізге аманат. Ата мұрасына алып-қосар үлесіміз жоқ. Біздің үлесіміз саф алтындай ата дініміз бен дәстүрімізді ендігі ұрпаққа дұрыс жеткізу. Халық тәмсілінде «Алып – анадан туады» деген қанатты сөз бар. Жастарымыздың жалынды, білімді, ұшқыр да ұлағатты ұрпақ болуы ата-ананың тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. «Әйел бір қолымен бесікті тербесе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп, болашаққа алыстан көз тастаған да кешегі текті аталарымыз» деді наиб имам.

Жиында наиб имаммен бірге Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары және осы оқу орнының жастар ісінің жетекшісі бірге болды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.