الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Зағип жандар білімдерін шыңдады

Жаратқанның қалауымен кешегi күнi Қарағанды және Түркiстаннан Семей қаласына бір айлық Брайль курсына қатысу үшiн келген шәкiрттер ілім алды. Сабақ Семей қалалық «Төлеубекқажы» мешiтiнде ұйымдастырылды. Сабақ Брайль Кұран (көзi нашар көретiн жандарға нүктелердi саусақтың ұшымен сезу арқылы оқылатын) тәсiлімен өтті.Алланың қасиеттi кәләмін басынан үйренуді мақсат тұтып,көз жанары туа зағип тоғыз жастағы бауырымыз Құран жаттаудың баға жетпес сауап екенiн біліп Ақтаудан Семейге келген, Диас бауырымыз үйiнiң жалғыз баласы екен,  анасы басқа қалаға арнайы мектепке беруге қимаса да Жаратқанның қасиеттi сөзiн үйрету үшiн тәуекелге бел буған екен. Шәкiрттерiмiз сабақтан тыс уақытында Абай, Шәкәрiм, Еңiлiк-Кебек пен Күшiкбай аталарымыздын басына құран оқып, даналар мекендеген жердi зиярат етті. Семей қаласының мешiттерiн аралап, көзi нашар көретiн жандарға арналған кiтапханамен танысты. Ертіс өзенінің бойында және Канадада ғана бар Қарағайлы орманның тыныс -тiршiлiгiмен танысты. Шежірелі Семей тарихи қала болып табылады, қаламыздағы мешiттер саны он екі болса, оның төртеуі тарихи мұра болып табылады, яғни салынғанына 200 жылдан астам уақыт болған. Қонақтарымыз Абай, Шоқан, Шәкәрiм сынды қазақтың маңдайына бiткен даналардың маңдайы тиген мешiттерде екi бас намаз окып ерекше әсер алды. Қасиетті Ұлық болған жұма күні Семей аймағы бойынша өкіл-имамы М. Алтыбай жұма намазына жиналған жамағат алдында білімдерін шыңдаған шәкірттерге  сертификат табыстады. Зағип жандарға арнайы құран, әліппе және басқада діни кітаптарды сыйға тартты. Өкіл имам өз сөзінде: «Бабаларымыз «Көзі соқырдан көкірегі соқыр жаман» деп бекер айтпаған, көздері көре тұра Құранды оқымағандар үшін бұл үлкен ғибрат алатын іс» — деді. Шәкірттер осындай игілікті іске мұрындық болған азаматтарға алғыстарын білдіріп, өздерінің ұмыт қалмағандарына ерекше қуанып, көңілдегі ақ тілектерін ақтарып жатты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.