الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Зағип жандарға дәстүрлі брайль Құран курсы басталды

         Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей аймағы бойынша өкілдігі, Семей қалалық  ‘’Шәкәрім қажы’’         мешітінде жылдағы үрдіске сай Қазақстанның түпкір-түкпірінен жиналған шәкірттер брайль Құран курсына қатысуда. Курсқа жас ерекшелігі әртүрлі зағип  жандар Қазақстанның бірі Батысынан, бірі Оңтүстігінен, енді бірі Солтүстігі мен  Шығысынан жиналды. Шәкірттердің саны он. Талабалардың арасында кейбірі жана брайль харпімен танысуды  бастаса, енді бірі Құранның жүзінен оқи алатын және бірнеше пара жаттап үлгерген азаматтар.

       Курс бір ай көлемінде жалғаспақ. Оқу барысына жетекшілік жасап жүрген бүкіл әлемдік Малазия ислам университетінің студенті Шакиров Асқар бауырымыз. Оқуға пайдаланып жатқан Құран, әліппелер және т.б. оқу құралдары Малазия зағиптар қоғамының ұйытқы болуымен Қазақ еліне жеткізілген-ді. Айтулы шара қалалық демеушілердің қолдауымен жүзеге асуда. Осы іспеттес игі амалдарға атсалысып жатқан азаматтарға Жаратқан Алла разы болсын!

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.