الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМДАҒЫ РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ (ФОТО)

KAZISLAM – Бүгін ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Аcтана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы бірігіп, Астана қаласындағы орта мектептердің «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақстандағы діни ахуал мәселелері рухани жаңғыру үрдістері аясында» тақырыбымен семинар өткізді. Іс-шараға ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы модераторлық етті. Семинарды Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Ж.Жұмағұлов ашқаннан кейін филол.ғ.к. Айнұр Әбдірәсілқызы «Мектеп формасындағы діни атрибутика және Қазақстан қоғамындағы хижаб мәселесі», «Зайырлылық» ұғымы: қазақстандық анықтамасы, тұрғын халық түсінігі және исламдық көзқарас», «Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны» тақырыптарымен жасаған баяндамалары қызу талқыланып, зайырлылықтың қазақстандық анықтамасы мен сипаты кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ қазақ қоғамындағы діни танымның қалыптасу жолдары мен тарихы ғылыми дәлелдермен дәйектеліп, көпшіліктің қойған сауалдарына толымды жауаптар берді. Одан кейін сөз алған Шығыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы И.Беркімбаева «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстарының қауіптілігі» баяндамасында әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған қатерлі қауіптің алдын алудың жолдары туралы сөз етсе, Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы директоры орынбасарының м.а. Т.Әбуов «Қазақстандағы діни ахуал және және ішкі тұрақтылық мәселелері» тақырыбындағы баяндамасымен еліміздегі діни ахуалға талдау жасап, көпшілікті толғандырып жүрген мәселелерге кеңінен тоқталса, Павлодар облысы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.Раздықова жасөспірімдер мен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарының маңыздылығына тоқталды. «Мың жылдығыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле» деген халық даналығын жадынан шығармайтын азаматтар мен ел болашағын тәрбиелейтін ұстаздар қауымы зайырлы қоғамның өскелең ұрпақтарына рухани тәрбие берудің өзектілігі мен маңызын семинарға арқау етті. Іс-шара соңында қатысушыларға Аcтана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының сертификаттары тапсырылды.

Толығырақ: http://kazislam.kz/songy-janalyktar/item/15385-zajyrly-ko-amda-y-rukhani-tarbieni-roli-foto
Материалды көшіріп басу үшін Kazislam.kz сайтына сілтеме көрсету талап етіледі.