الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫ: ІС-ШАРАЛАР ЕСЕБІ ТЫҢДАЛЫП, ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ (ФОТО)

    Астанада наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлының төрағалығымен ҚМДБ «Зекет» қорының алқалы мәжілісі өтті. Басқосуға қордың директоры Талғат Омаров, аймақтағы өкілдері қатысты.

Кездесуде Талғат Сейіткәрімұлы «Зекет» қорының 2018 жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндады.

Айта кетсек, 2011 жылы ашылған ҚМДБ «Зекет» қоры – жеке және заңды тұлғалардың зекеттері мен садақаларын қабылдап, оны шариғат үкімдеріне сай үлестіретін коммерциялық емес ұйым. Қордың құрылтайшысы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Мақсаты – көмекке аса зәру жеке тұлғаларды әлеуметтік қолдау, Исламның лайықты түрде насихатталуына қаржылай қолдау көрсету, т.б.

«Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры 2018 жылы республика бойынша 25 мыңжанұяға қайырымдылық көмек көрсетті.

Сондай-ақ, 5 мыңға жуық әлеуметтік аз қамтылған балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтамасыз етті. Мүгедек балалардың ем-домына қаражат бөлді. Өткен жылы «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспанаға аса зәру 9 отбасына пәтер берілді. 1 жылда қайырымдылық бағытында 160 млн. теңге қаражат жұмсалды.

Қайырымдылық бағытындағы жасалған игі іс-шаралардың есебін тыңдаған наиб мүфти Б.Есмахан атқарылған ауқымды жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта жүзеге асуы тиіс жобаларды жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.