Жаназа жерлеу рәсімдеріне қатысты дәріс өтті

ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешітте,  қалалық мешіт имамдарына Жаназа жерлеу рәсімдеріне қатысты дәріс  болып өтті. Жиын барысында Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Жаназа жерлеу рәсімдеріне қатысты дәстүрлерді бір ізділендіру мәселелері талқыланды. Жаназадағы жерлеу рәсімі турасында аптасына бір рет ақшам құптан намазының аралығында келген жамағатқа таныстырылуды тапсырды.

ҚМДБ тарапынан келген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы Жұма уағызы кітабы барлық мешіттердің кітапхана сөрелерінде тұру керек екендігін ескертті.

 

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.