Жасөспірімдер арасындағы Құран жарысы

Адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деген. ҚМДБ- ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының қолдауымен. Қасиетті Құран айында Семей қалалық Бір мұнаралы Тас мешітте «Құран жарыс» сайысы өтті. Жарыс әділ өткізілді.Туркиядан келген орталық мешіттің ұстазы Ахмет Кучукбас, Тас мешітінің бас имамы  Салимов Нұрбек, Төлеубек қажы мешітінің бас имамы Ұлан, Шәкәрім қажы мешітінің бас имамы Серікқали төреші болды. Жарыста сынға түскен 30 ға жуық жастар қатысты. Жарыс екі бағыт бойынша өткізілді: Құранның соңғы, 30-шы парасын түгел жатқа оқу. Құранды көркем оқу (өзінің жаттаған сүресін оқу) Құран жаттаудан 1 орын алғаны үшін Аймұрат сынды азамат  20000 теңге 2 орынды Абадилов Архат 10000 теңге. 3 орынды Райсов Досжан 5000 теңге. Құранды мәнерлеп оқудан 1 орынды Серікқалиұлы Абдулла 20 000 теңге. 2 орын Айдынұлы Ахмет   10000 теңге. 3 орын Мұхамет Али Шоқай жүлдегерлерге алғыс хатпен, ақшалай сыйлық берілді. Семей қалалық Бір мұнаралы Тас мешітінің имамы Салимов Нұрбек сайысты қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.