Жастар ісін жандандыру бағытында өткен жиын

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің тапсырмасын талқылау мақсатында Семей «Қос мұнаралы» орталық мешітінде Жастар ісі секторының өкілі мен Семей аймағы бойынша әйел-қыздар секторы және қала наиб имамдары бас қосты. Шараны ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  өткізді.

Жиналыста Бас мүфти хазреттің тапсырмалары талқыланып, маңызды мәселелер пысықталды. Атап айтсақ, жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын күшейту, тәрбие танымдық, спорттық және басқа да қоғамдық іс-шараларды көптеп өткізу. Сондай-ақ, мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарында шәкірттердің көбеюіне атсалысып, оқу ісіне жаңа бағдарламаларды енгізе отырып, интеллектуалды білім сайыстарын өткізу. Ал, ең бастысы жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу үшін барынша жағдай жасау қажет. Кеңесте әсіресе кері ағымдарға байланысты жасалып жатқан жұмыстарға басты назар аударылып, осы бағытта наиб имамдарға  тапсырмалар берілді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.