الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Жат ағымға жол жоқ!

Жыл басынан бері Бородулиха аудандық ақпараттық түсіндіру тобы жат діни ағымдарға қатысты өз жұмысын осымен үшінші рет өткізіп отыр. Бұл жолы АТТ аудандық білім беру бөлімінің ұжымымен кездесті.

Бородулиха аудандық ІСБ бас маманы М.Жайдарбеков, Бородулиха аудандық Қарбай мешітінің бас имамы Ә.Қожанұлы, Бородулиха аудандық жастар орталығының директорының міндетін атқарушы Г.Клюшина қатысқан АТТ мүшелері аудандық білім беру бөлімінің ұжымының қызметкерлеріне жат ағымдардан келетін зиян, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет желісі, ислам атын жамылған діни ұйымдардың өскелең ұрпақ пен жастарға тигізер кері әсерін жан-жақты түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауаптар берді.

Өз кезегінде аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы деструктивті діни ағымдар туралы тоқталып, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптарын түсіндіріп, оккультті-мистикалық ұйымдардан адам психикасына, денсаулығына келетін зиян туралы мысалдар келтіре отырып айтып өтті.

Аудандық мешіттің бас имамы ислам негіздері, салт-дәстүрдің жастар арасында жалғасын табуы керектігін баса айтты. Ислам мемлекеті деген лаңкестің ұйымының жасап жатқан тірліктерінде исламның иісі де жоқтығын, бұл адасқан қылмыстық топ екендігіне баса назар аударды. Жастар арасында суицидтің белең алуына тоқталып сахих хадистерді жеткізді, ата-аналарға балаларының діни сауатын интернет арқылы ашамын деп жат ағымның жетегінде кетіп қалмауын қадағалауды сұрады. Тәрбие мен инабаттылық, отансүйгіштік және адамгершілікке үндейтін ислам дінінің негіздерін үлкендер өздері біліп, ақ пен қарасын айыра білсе балаларына дұрыс бағыт бере алатындығын, адасуына жол бермейтіндігін жеткізді.

Кездесу соңында тақырыпқа қатысты бейнефильмдер көрсетіліп, парақшалар таратылды. Бір сөзбен айтқанда, діннің атын жамылғандардың медалінің екінші жағының қандай сұмдық зардабы барын қатысушылар ұғына алды.

 

Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы