الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Жазғы сауат ашу лагері басталды

«Тәрбие басы–тал бесік» демекші, келер ұрпақтың тәрбиесіне бүлдіршін күнінен көңіл бөлінуі қажет. Баланың көңілі далада, сол себепті жазғы сауат ашу курсы ойын ойнатып, қызықтыра отырып, тәрбие мен білімнен сусындататын орынның нағыз өзі. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде оқушыларға арналған жазғы сауат ашу курстары ашылып, жемісті еңбек етіп келе жатыр.

Міне осындай сауат ашу курстары Семей аймағына қарасты мешіттерде де жүргізілуде. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының тапсырмасына орай Семей Қос мұнаралы  мешіті жанындағы сауат ашу ғимаратында 40 балаға арналған имандылық лагері бүгін өз жұмысын бастап кетті. Шәкірттерге Құран әліппесі, Ислам әдептері, ғибадат, пайғамбарлар тарихынан сабақтар жүргізіліп, арасында интеллектуалды ойындар мен еңбекке баулу, қала мешіттеріне саяxат секілді ой-өрістерін сергітетін серуендер күнделікті жоспарға енген.

 Маусым айында өтетін сауат ашу курсына 5-15 жас шамасындағы ұл мен қыз балалар қабылданды. Жаздық сауат ашу лагерінде Ұл балаларға Шакиров Асқар және қыз балаларға Тұрлықожанова Динара ұстаздық ететін болады. Сауат ашу курсы осы маусыммен шектеліп қана қоймай, алдағы уақытта бірнеше мәрте өткізілмекші.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.