الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ЖОЛДАУ-2017: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРДІ

 

 

688673_1485861378Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,  

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти

 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетіп қана қоймай, білімді дамыту, руханиятымызды жаңғырту, қауіпсіздік шараларын күшейту, діни экстремизмді алдын алу, қылмыстық жазасын өтеп жатқан азаматтарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру мәселелері айтылды. 

Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты өз бетімен ізденуге үндеп, осы бағытта оқыту бағдарламаларын жетілдіруді тапсырды. Сонымен қатар, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу қажеттігін сөз етті.

Елбасы халыққа Жолдауында: «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек», – деп атап өтті.

Расында, кейбір азаматтардың діни теріс мағлұматтарды шетелдік сайттардан алып, шетелдік ғалымдардың пәтуасымен жүруді аңсайтыны жасырын емес. Жиһадты желеулетіп, қару ұстап, шетел асып жатқан кейбір жастардың шетелдік сайттар мен әлеуметтік желілерден діни білім алатыны белгілі болып отыр.

Елбасының халқымызға, әсіресе жастарымызға ғаламтор арқылы діни мазмұнда теріс мәліметтер тарататын ақпарат көздерінің жолын кесу туралы сөзі дер кезінде көтерілген мәселе деп айтар едік.

Осы ретте Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттігін де баса айтты. Бұл – аса маңызды іс. Өйткені, ұлтжанды азамат өз ұлты мен Отанына, дініне қиянат жасамайды.

Біз, түрлі саланың жетекшілері халықтың бірлігі мен ынтымағына сызат түсіретін кез келген қоғамдық бүлікке жол бермеуіміз қажет. Діни терроризм мен экстремизмге халық болып қарсы тұруымыз керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау және бұл іске діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажеттігіне ерекше тоқталды.

Расында, бүгінгі аға буын, орта буын өкілдерінің негізгі миссиясы – жастардың көкірек көзін ашып қана қоймай, олардың рухани дүниетанымын байытып, мемлекетшіл, толерантты, ұлтжанды ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру.

Мектеп мұғалімі балаға сабақ берумен қатар оны ізгілікке баулыса, ата-ана ұлы мен қызының тәрбиесін жіті қадағаласа, дін қызметкерлері көркем уағыздарымен имандылыққа ұйытса, қарияларымыз бен зиялы ағаларымыз тәлімін айтса – бала көргені мен естігеніне амал ететін болады.

Өресі биік, пайымы кең, салмақты, байыпты, иманды ұрпақ ұлттың ұлы мақсаты мен мұратын орындауға үлкен үлес қоспақ.

Халыққа жолданған құжатта көрсетілген тапсырмалар мен міндеттерді жұрт болып жұмылып, жүзеге асыруымыз қажет.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, халқымызға бірлік пен береке нәсіп еткей! Әумин!