الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

Жұмадағы жүздесу

Семей қалалық «ТВК-6» телеарнасы Жұмадағы жүздесу бағдарламасында ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының таныстырылымы өтті.

Бағдарлама барысында  бүгінгі таңда аса өзектілігі білініп отырған жан тәсілім ету, мәйітті жуындыру, кебіндеу, жаназа намазы, жерлеу рәсімдері және қабір мәселелері, қабірді зиярат етуге  қатысты діни жоралғыларды бірізділендіру мәселелері турасында сөз болды.

Өкіл имам өз сөзінде «Бұл кітап Ғұламалар кеңесінде 3 жыл қаралып, дайындалды. Кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылды. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты қамтылды. «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарудағы негізгі мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу. Сондықтан енді менің ойымша деген сөзді азайтып, тек осы кітаппен амал ету қажет» екендігін баса айтты.

 Бағдарламаны жүргізген Дүйсенбек Зейноллаұлы ағамызға  «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын сыйға тартты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.