الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11
14 декабря 2017 | | 12:05

Семей аймағына қарасты Жоламан мешіт

1 247 Рет қаралған

«Жоламан Ақ мешіті» Семей қалалық Жоламан елді мекенінде орналасқан. Мешіттің толық мекен-жайы: Семей қаласы, Жоламан елді мекені, Қарағанды көшесі 12 Жоламан Ақ мешіті Мешіт құрылысының басталуы мен біткен мерзімі:

Мешіт 1996 жылы сәуір айында басталып, 2000 жылы қыркүйек айында аяқталды. Жер көлемі-3963 м2 = 0,4 га Мешіт алды бетон плиталар төселген жер бетінен 60 см биіктікте есік алдында кең баспалдақ орналасқан. Қоршау бойымен ағаштар отырғызылған. Қалған аула көгалдырылған гүл отырғызылған. Аулада даретхана және хатымхана орналасқан. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі-227 м2, Мешіт -250 адамға арналып салынған. Мешіт ғимратының биіктігі кіші бөлме биіктігі күмбермен 13 метр. Үлкен бөлме-3,0 метр. Мешіт 7×7м2 – кіші зал және 12,6×5,6 м2 – үлкен зал, 5,6×3,9 — әйелдер залы, имамның бөлмесі және құран оқитын бөлмеден тұрады. Сыртқы көрінісі жаңаша үлгіде сары түске боялып жасыл бояумен архитектуралық өрнектері боялған. Күмбезі 6 қырлы, азан шақыруға арналған жоғарғы жағында болкон орналасқан. Күмбезі пирамида тәріздес болып келіп үстінде жарты ай орналасқан. Мешіттің кіші залының төбесі күмбез болып келген ең үстінде жарты ай орналасқан. Мешіт-дыбыс күшейткіш аппаратура мен іші сыртына естілетін етіп жабықталған, мінбары өрнектеліп жасалған. Мешіт іші толық кілем төселіп намаз оқуға жайнамаздармен қамтамасыз етілген. әйелдерге арналған жеке намаз бөлмесі бар. Мешіт терезелері пластик терезелер мен жарық мол түсетін болып орналасқан. Мешіттің күмбезі-13 метр. Мұнарасы-30 метр. Мешіт ауласында 150 кісілік хатымхана толық жабдығымен қамтамасыз етілген.10 кісілік дәрет алатын ғимрат жылы сумен және жылу жүйесімен жабдықталған. Одан басқа отын бөлмесі, қосалқы қоймамен қамтамасыз етілген.

Мешітін құрлысына ұйытқы болып алғашқы ірге тасын қалаған Семей қаласының мәслихатының депутаты кәсіпкер Марат Құрманбай бастаған бір топ демеушілер және жергілікті халықтың күшімен салынды.