الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

ӘДІЛ ХАЛИФА Уағыз

Құрметті бауырлар! Бүгінгі уағызымыз «Михробта шаһид» болған адам жайында өтеміз. Ол кім? Неге өлтірілді? Қалай өлтірілді? Қайда өлтірілді және кім өлтірді?

Өлтірілген уақыты: Таң намазы.

Орны: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның мешіті.

Өлтірілген адам: Ол Омар бин Ал-Хаттаб (р.л.ғ.).

Өлтірген адам: Абу Лулуа Ал-Мажуси. Оған Алланың лағнеті болсын.

Құрметті халайық! Бізден қайсысымыз Омар бин Хаттабты білмейміз? Қайсысымыз Омар жайында естімедік?

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Омар (р.л.ғ.) жайында үш түс көреді.

Біріншісі: Имам Бухаридің (11/1) және Имам Муслимнің (1859/4) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:

قال  رسول  الله  صلي  الله  عليه  وسلم   * بينما   اْنا  نائم  راْيت  الناس  يعرضون   علي   و  عليهم  قمص   منها  ما  يبلغ  االثدي  و  منها  ما دون  ذلك  و  عرض  علي  عمر  بن  الخطاب  و  عليه  قميص  يجره  \  قالوا  \  فما  اْولت  ذلك  يا  رسول  الله ؟  قال  \  الدين .*

«Ұйықтап жатқанымда түсімде көйлек киген адамдарды көрдім. Олар маған келіп, көйлектерін көрсетіп жатыр. Кейбіреуінің көйлектері шолақ, кеуделерінен аспайды, кейбірінікі одан да қысқа. Солардың ішінде Омар (р.л.ғ.) да өз көйлегін көрсетті. Оның көйлегі ұзын, тіпті жерге сүйретіліп тұрды».

Сонда сахабалар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түсіңізді қалай жорыдыңыз деп сұрады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Дін» деп жауап берді.

Омардың діні оның бүкіл денесін жапты. Діні бүкіл кемшілігін жапты да оны көркем қылып көрсетті. Оның аузынан тек шындық қана шығатын болды.

Екінші: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:

* عن  ابن  عمر رضي الله  عنه   قال  \  سمعت  رسول  الله  صلي  الله  عليه  وسلم    يقول \  بينما  اْنا  نائم  اْتيت  بقدح  لبن  فشربت   حتي اْني  لاْري   الري  يخرج  من  اْظفاري  ثم  اْعطيت  فضلي  عمر  بن  الخطاب .  قالوا  \  فما  اْولته  يا  رسول  الله  ؟  قال \  العلم .*

«Мен ұйықтап жатқанымда түсімде маған ыдыспен сүт берілді. Одан іштімде қалғанын Омар бин ал-Хаттабқа бердім» дейді.

Сахабалар: «Түсіңізді не нәрсеге жорыдыңыз я, Расулулла!» — деп сұрайды.

Субхан Алла! Бір адамға білім мен дінді Алла бірге берді.

Үшінші: Бухари 4 т 85, 86 бетте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:

* عن   اْبي  هريرة رضي الله  عنه    قال \  بينما  نحن  عند  رسول  الله  صلي  الله  عليه  وسلم     اذ قال  \  بينما  اْنا  نائم  راْيتني  في   الجنة فاذا   امراْة  تتوضاْ  الي  جانب  قصر  فقلت \  لمن  هذا   القصر؟  فقالوا \  لعمر  بن  الخطاب  فذكرت  غيرته  فوليت  مدبرا .  فبكي  عمر و ...*

«Мен ұйықтап жатқанымда түсімде өзімді жәннатта көрдім. Жәннатта бір әйел үлкен бір сарайдың жанында дәрет алып жатқанын көрдім де, «Бұл сарай кімдікі?» деп әйелден сұрадым. Бұл Омар бин Хаттабтың сарайы деп жауап берді». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -нан осы хадисті естіген Омар (р.л.ғ.) жылап жіберді.

Осындай ұлық сахаба Омар (р.л.ғ.) михробта намаз оқып тұрған жерінде өлтірілді.  Осындай ұлық сахаба Таха сүресін алғаш естіген кезде иман келтірген еді.

قال  تعالي ** طه  1  ما  اْنزلنا  عليك  القراْن  لتشقي 2  الا  تذكرة  لمن  يخشي  3 .**

«(Мұхаммед (с.ғ.с.) -ның бір аты) Басқа ұғымын бір Алла біледі (1). Саған Құранды машақат үшін түсірмедік (2). Бірақ қорыққан кісіге насихат үшін түсірдік (3). Жер мен биік көктерді жаратқаннан түсірілді (4). Ол Рахман, ғаршыны меңгерді (5)».

Осы аяттарды естіп тұрып иман келтірмейтін адам барма екен?

Осы аяттарды естіген Омар (р.л.ғ.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ға иман келтірді. Аббас ал-Аққад айтады: «Омар мен Абу Бәкірдің айырмашылығы: Абу Бәкір Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ды жаһилет кезінде білді. Бірақ Омар (р.л.ғ.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ға пайғамбарлық келгеннен кейін білді».

Омар (р.л.ғ.) қолына бір дүние тисе, ертеңіне кедейлерге түгелдей үлестіріп беретін.

Сондай мұсылмандардың халифасы Омар (р.л.ғ.) -ның шапанында 14 жамауы болған.

Түн батса Омар (р.л.ғ.) Медина халқының жағдайын білуге шығатын. Адамдар тәтті ұйқыда жатса, Омар (р.л.ғ.) халықтың қамы үшін ұйықтамайтын. Адамдардың қарыны тоқ болса, оның қарны тоқ емес. Адамдар демалып жатса, ол жұмыспен демалуға уақыты жоқ.

Омар (р.л.ғ.) бір күні түнде халықтың жағдайын білуге ел ішін аралайды. Жанында Әслам атты көмекшісі екеуі бір үйге келеді. Онда жалғыз әйел, айналасында жылап отырған балаларды көреді. Ал бөлменің ортасында, оттың үстінде қазан тұрады. Омар есіктен кіріп: «Ей, Алланың құлы, мына балалар неге жылап отыр?» деп сұрайды. Ол әйел: «Аштықтан жылап отыр» деп жауап береді. Сонда Омар отта тұрған қазанның ішінде не бар? — деп сұрайды. – Оның ішінде су бар, мен оларды ұйықтап қалғандарынша осымен алдап отырамын — дейді.

Мұны естіген Омар жылап жібереді. Ол қазынаға барып, қапқа біраз ұн, май, құрма, киім, ақша салып, өзінің жанындағы Асламға: «Мына қапты менің арқама қойып бер» дейді. Аслам болса: «Уа, мұсылмандардың әмірі! Мен арқалап апарайын» дейді. Сонда Омар: «Ей, Аслам! Бұл қапты мен алып жүремін, себебі, қияметте олар үшін мен жауаптымын» — деп жауап береді. Ол қапты әлгі әйелдің үйіне алып барып, өзі ұн, май, құрмадан тамақ жасап, қазанның астындағы отты үрлеп жатқан Омарды көрген Аслам былай дейді: «Мен оның сақалының арасынан шығып жатқан түтінді көрдім. Ол тамақ дайындап, ыдыстарға құйып, балаларға тойғандарынша берді».

Омар бин Хаттабтың кезінде Амру бин Ас Мысыр елінің басшысы болып тұрған кезінде Омар (р.л.ғ.) -ға Мысыр елінің бір адамы келіп: «Я, Омар! Мен өзіңнен көмек сұраймын. Мені Амру бин Ас қамшымен дүре соқты» дейді. Омар (р.л.ғ.) Амру бин Асты өзіне шақыртады.

Омар (р.л.ғ.) әлгі мысырлыққа: «Қолыңа қамшы ал да сені қалай ұрған болса, сен де Амру бин Асты солай ұр» дейді. Міне, бұл Омар (р.л.ғ.) -ның әділдігі.

Һижраның 18-ші жылы елде қатты шөл болып, халық аштан қырыла бастайды. Омар (р.л.ғ.) аш халықтың ішіне барып тұрып, соларға өз қолымен тамақ тарқатты.

Омар (р.л.ғ.) жамау шапанымен жұма күні минбарға шықты. Егер Омар (р.л.ғ.) өзіне алтыннан сарай салғысы келсе, оған күйі жетер еді. Және де үйінен мешітке баратын жолға жібек төсесе, күйі жетер еді. Минбарда тұрып, құтпа айтып тұрғанда іші аштықтан шұрылдайды. Асқазаны аштықтан бұралады. Сонда Омар (р.л.ғ.) өз ішіне айтады: «Құрылда-құрылдама бәрібір мұсылмандардың балалары тоймай саған тою жоқ» дейді.

Омар (р.л.ғ.) адамдармен тұрып, истисқо намазын оқып жылап Алла Тағалаға дұға етеді. Дұғасын аяқтап болмай жатып қалың жаңбыр жауады. Мединада қайта тіршілік басталады.

Бірде Кисри патшаның кеңесшісі Ал-Һармазан үстіне кигені жібек, таққаны  алтын, үлде мен бүлдеге оранып, Мединаға Омар (р.л.ғ.) -мен жолығуыға келеді. Адамдардан: «Омардың сарайы қайда?» деп сұрайды. Мұсылмандар: «Омарда ешқандай сарай жоқ» деп жауап береді. «Онда үйі қайда?» деп сұрайды. Мұсылмандар топырақтан салынған бір кішкене үйді көрсетеді де «Міне, осы Омар (р.л.ғ.) -ның үйі» дейді. Сонда Ал-Һармазан: «Оның күзетшілері қайда?» деп сұрайды. Мұсылмандар: «Омар (р.л.ғ.) -ның күзетшілері жоқ» деп жауап береді. Ал-Һармазан Омар (р.л.ғ.) -ның үйінің есігін қақты. Омар (р.л.ғ.) -ның ұлы есікті ашты. Ал-Һармазан: «Халифа қайда?» деп сұрады. Ұлы: «Мешіттен іздеңдер» деді. Мешітке барса,  мешіттің маңайындағы талдың астында астына шапанын төсеп, білегін жастық қылып, Омар (р.л.ғ.) ұйықтап жатыр екен. Осы көріністі көрген Ал-Һармазан өз-өзіне сұрақ қойды. Расында, Омар деген халифа осы ма? Бүкіл елді жаулаған халифа осы ма? Қалай талдың астында ұйықтап жатыр? – деп таңғалғанын жасыра алмады. Сонда Ал-Һармазан: «Елді басқардың, әділетті болдың. Енді ұйықтап жатыр екенсің ғой я, Омар» дейді.

Омар (р.л.ғ.) өзінің халифалығының соңында халықтың алдында былай деді: «Егер мен біреуге зұлымдық істеген болсам, міне мен алдарыңда тұрмын, хақыларыңды қайтарыңдар. Егер мен біреудің малын жеген болсам, міне малым хақыларыңды алыңдар. Егер мен біреудің қанын төккен болсам, міне денем, хақыларыңды алыңдар».

Осыны тыңдап тұрған мұсылмандардың барлығы жылады. Өйткені, Омар (р.л.ғ.) -ның олармен қоштасып тұрғанын сезді. Омар (р.л.ғ.) минбардан түсті. Міне, осы Омар (р.л.ғ.) -ның Мұхаммед (с.ғ.с.) -ның үмбетімен жолыққан ең соңғы жұмасы және ең соңғы құтбасы еді.

Омар (р.л.ғ.) ұйықтап жатып, түс көреді. Түсінде бір әтеш келіп Омарды шоқи бастайды. Ұйқысынан тұрғанда сахабаларға айтады. — Мені жат жұрттық өлтіреді — дейді.

Омар (р.л.ғ.) таң намазында Фатиха сүресін оқып болып, өзі жақсы көретін Юсуф сүресін оқып, Яқуп (ғ.с.) олардан теріс айналып: «Ой, қайран Юсуф! – деп күйіктен көздері ағарып, сонда ол қасіреттеніп іштен тынды». Осы жерге келгенде Омар (р.л.ғ.) жылады. Ұйып тұрған мұсылмандар да жылады. Сосын Аллаһу Акбар деп рукуғ жасады. Сол кезде Абу Лулуа Ал-Мажуси Омар (р.л.ғ.) -ға бірнеше мәрте пышақ салды. Адамдардың көбі бұл нәрсені байқамай қалды. Тек Абдур-Рохман бин Ауф Омардың орнына имамдыққа өткенде ғана байқады.

Абдур-Рохман бин Ауф намазды аяқтағаннан соң мұсылмандар: — Омар (р.л.ғ.) -ға не болды? Біздің халифамыздың дауысы естілмеді? — деп сұрай бастады.

Омар (р.л.ғ.) өлім аузында жатып, қатты қиналып «Мені кім жаралады?» — деп сұрады. Мұсылмандар Абу Лулуа Ал-мажусилық жаралады дейді.

Сонда Омар (р.л.ғ.): «Аллаға мың да бір мақтаулар болсын! Мені өлтірген адам Аллаға бірде-бір сәжде қылмаған екен» дейді.

Омар (р.л.ғ.) осы күйде жатып мұсылмандардан: «Намазды аяқтай алдым ба?» деп сұрайды. Мұсылмандар: «Жоқ» дейді. Омар (р.л.ғ.): «Алла жәрдем етсін» дейді.

Омар (р.л.ғ.) -ның қалауы Раббысының алдына барғанда намазы толық болғанын ғана қалады. Сондықтан, өлім аузында жатып, тек намазы жайында сұрады. Өлім аузында жатып, басшылығы немесе бала-шағасы, дүниесі жайында сұраған жоқ.

Омар (р.л.ғ.) -ны үйіне алып келді. Басына жастық қойып еді Омар: «Басымды топырақтың үстіне қойыңдаршы. Мүмкін Алла Тағала маған рақымшылық етер» деді де көзіне жас алып, жылап жатып «Патшалығы мәңгі таусылмайтын Раббым, патшалығы уақытша болған бізді кешіре көр».

Омар (р.л.ғ.) мұсылманның балаларын шақыртты. Барлығы жылап кірді. Омар (р.л.ғ.) -ны ешқайсысы өлімге қимады. Осындай әділ, жүрегі жұмсақ басшыны енді қайдан табады. Омар (р.л.ғ.) балалардың барлығының беттерінен сүйді.

Омар (р.л.ғ.) -мен қоштасуға Али (р.л.ғ.) кірді. Али (р.л.ғ.) Ибн Аббас (р.л.ғ.) -ға сүйеніп әрең кірді. Өйткені, екі көзіне жас толып жылаған Али (р.л.ғ.) Ибн Аббас (р.л.ғ.) -ға сүйеніп әрең тұрды.

Али (р.л.ғ.) Омар  (р.л.ғ.): я Аба Хафса мен Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -тан естідім: «Дүниеге мен келдім, сосын Абу Бакр келді, сосын Омар келді. Дүниеден мен кеттім және Абу Бакр кетті және Омар кетті».

Омар (р.л.ғ.) өлім аузында жатып «Мен қайда жерленемін?» — деп сұрайды. Мұсылмандар: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) -ның жанына жерлейміз» дейді. Омар (р.л.ғ.): «Мен қарапайым мұсылманмын. Әуелі Айша (р.л.ғ.) -дан рұқсат сұраңдар» дейді. Мұсылмандар Айша (р.л.ғ.) -дан Омар (р.л.ғ.) -ны екі досының жанына жерлеуін сұрайды.

Айша (р.л.ғ.): «Бұл орынды өзіме сақтаған едім. Бірақ уаллаһи Омар (р.л.ғ.) -ға бердім» дейді.

Омар (р.л.ғ.) -ны кебіндеп, жаназасын оқуға жиналғанда Али (р.л.ғ.) былай дейді: «Я, Омар! Мен Алланың алдына тек сенің амалыңдай амалмен барғым келеді».

                                             ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша

                                             өкіл имамы:  Ержан  Малғажыұлы

                                                                                     Семей қаласы.