الله الرحمن الرحيم الملك القدوس السلام المؤمن المهيمن العزيز الجبار المتكبر الخالق البارئ المصور الغفار القهار الوهاب الرزاق الفتاح العليم القابض الباسط الخافض الرافع المعز المذل السميع البصير الحكم العدل اللطيف الخبير الحليم العظيم الغفور الشكور العلي الكبير الحفيظ المقيت الحسيب الجليل الكريم الرقيب المجيب الواسع الحكيم الودود المجيد الباعث الشهيد الحق الوكيل القوى المتين الولى الحميد المحصى المبدئ المعيد المحيى المميت الحي القيوم الواجد الماجد الواحد الصمد القادر المقتدر المقدم المؤخر الأول الأخر الظاهر الباطن الوالي المتعالي البر التواب المنتقم العفو الرؤوف مالك الملك ذو الجلال والإكرام المقسط الجامع الغني المغني المانع الضار النافع النور الهادي البديع الباقي الوارث الرشيد الصبور
+7 (7222) 52-19-11

АЛЛА ТАҒАЛАҒА МАҚТАУЛАР АЙТҚАНДАРДЫҢ ҮЙІ Уағыз

Хадиси  құдисиде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады:

قال   النبي صلى  الله  عليه وسلم   *  اذا  مات  ولد البد  قال الله  لملاءكة \

قبضتم  ولد  عبدي  ؟  فيقولون \ نعم .  فيقول  رب  العزة \ قبضتم  ثمرة  فؤادي؟

فيقولون \ نعم .

فيقول\  ماذا  قال  عبدي؟

فيقولون \ حمدك  و استرجع .

فيقول  الله \ ابنوا  لعبدي  بيتا  في  الجنة  و  سموه  بيت  الحمد.**

«Бір адамның баласы немесе жақыны өмірден өтсе, Алла Тағала періштелеріне айтады: «Менің пендемнің баласының жанын алдыңдар ма?» Періштелер: «Иә» — деп жауап береді. Алла Тағала айтады: «Сол кезде менің пендем не айтты?» Періштелер айтады: «Өзіңе мақтау айтып, барлық нәрсе Алланың мүлкі және оған қайта қайтушы» деді.

Алла Тағала періштелерге айтады: «Ондай пендеме жәннаттан үй салыңдар да, оны «Бәйтул-хамди» (яғни «Алла Тағалаға мақтау айтқандардың үйі» дегенді білдіреді) деп атаңдар» дейді.

Алла Тағала Анкабут сүресінің 2-3 аяттарында:

قال  تعالي.**  اْ حسب  الناس اْن  يتركوا اْن يقولوا  ءامنا  و هم لا  يفتنون 2.

ولقد  فتنا  الذين  من  قبلهم  فليعلمن  الله  الذين  صدقوا  و ليعلمن  الكاذبين 3.**

«Адамдар: «Сендік» (иман келтірдік) деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? (2) Рас, олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ, Алла Тағала әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі (3)».

Расында, Алла Тағала адам баласы оған иман келтіргеннен кейін, оның иманының қаншалықты шынайы екенін сынау үшін Алла Тағала бір адамға қайғы жіберіп, ал басқа бір адамға нығмет беру арқылы имандарын сынайды. Ал, кім осы Алла Тағаланың жіберген қиыншылықтарына сабырлық танытқан болса, онда оның иманы шынайы екеніне дәлел.

Керісінше, кімде-кім осы Алланың жіберген сынағына сабырлық таныта алмаса, онда ол Алла Тағалаға немқұрайлы, селқос құлшылық ететініне дәлел. Ондай адамға егер Алла Тағала тарапынан бір жақсылық келсе ғана Аллаға және дінге деген сенімі артады да, ал егер оған бір қиындық жетсе дереу бұрынғы қалпына қайтып, Алла Тағалаға немқұрайлық танытады.

Бұл жайында Алла Тағала Хаж сүресінің 11-ші аятында:

قال  تعالي  **    و من  الناس  من يعبد  الله  علي  حرف  فان  اْصابه  خير

اْتماْن  به  وان اْصابته  فتنة  انقلب  علي  وجهه   خسر  الدنيا  و الاخرة  ذالك  هو

الخسران  المبين 11 .**

«Адамдардан Аллаға немқұрайды құлшылық қылатындар бар. Егер оған бір жақсылық келсе, сол себепті көңілдері орнығады да егер оған бір кесір тисе, жалтарып, дүние, ақыретте зиян тартады. Міне, бұл ашық зиян» (11).

Қандай да бір сынақ ол Алла Тағала тарапынан келеді. Оны адам баласы ысырып немесе кейінге қалдырып қоя алмайды. Сондықтан, адам баласы Аллаға ғибадат етті ме, онда оның негізгі түбірінде ғибадат ету керек. Алла Тағала адам баласын жақсылықпен де, жамандықпен де сынай алады деген сенім адамның жүрегінен бір сәт кетпесе, онда оның иманы күшті болып қала береді.

Құран Кәрімде «Харф» деген сөз келді. Ол бір нәрсенің шеті дегенді білдіреді. Бір нәрсенің шеті дегеніміз ол тұрақсыз дегенді білдіреді. Егер оған бір жақсылық келсе қуанып, шаттанады да былай дейді: «Иманды болғанға не жетсін. Онда Алланың берекесі бар» дейді.

Ал егер оған бір қиындық немесе қайғы жетсе ашуланып, аузына келгенді айтып балағаттайды. Яғни, тұрақсыздық танытады. Иманы тұрақсыз. Қиындыққа сабырлық таныта алмайды.

Неге ол сабырсыз болды? Неге қиындық жеткенде ашуланып балағаттайды?

Өйткені, жоғарыда Құран Кәрімде келтірілгендей ондай адам Алла Тағалаға немқұрайлы құлшылық еткендіктен оның иманы тұрақсыз. Міне, осындай адам жайлы жоғарыда Хаж сүресінің 11-ші аятында айтылды: «Егер оған бір кесір тисе, жалтарып, осы дүние мен ахиретте зиян тартады. Міне, бұл ашық зиян» (11).

Сіз тек осы дүниеде зиян шексеңіз алайда сабырлық танытып, Алланың сізге жіберген әрбір сынағына риза болсаңыз, әрине ахиретте үлкен олжаға кенелесіз.

Егер, осы дүниеде Алла Тағаланың сізге жіберген сынағына сабырлық, ризашылық таныта алмасаңыз жоғарыда келген аятта: «Осы дүние мен ахиретте зиян тартады. Міне бұл ашық зиян» (11).

Ондай адам екі дүниеде де ашық зиян тартады екен.

Сол үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтады. Имам Муслим 2999 (б):

... قال   النبي صلى  الله  عليه وسلم   *   عجبا  لاْمر  المؤمن  ان اْمره  كله له  خير

له  و ان  اْصابته  ضراء   صبر  فكان  خيرا  له  و ليس  هذا  الا  للمؤمن .*

«Мұсылманның қандай да бір ісі таңғаларлық. Қандай іс болмасын ол өзіне жақсылық деп біледі. Егер оған бір жақсылық жетсе, ол Аллаға шүкір айтады. Сол шүкір айтқаны үшін оған Алладан жақсылық болады. Ал егер оған бір қиындық жетсе, сабыр етеді. Сол сабыр еткені үшін оған Алладан жақсылық болады».

Мұсылман бұл дүниеде өзіне қандай қиындық жеткенде оған сабыр етсе қиямет күні үлкен сауап бар екенін біледі. Сондықтан, қандай қиыншылық болмасын мұсылман сабырлықпен, ризашылықпен қарсы алады.

Мұсылман екі нәрсеге мұқтаж екенін білдік: (1) Қиындықта сабыр ету (2). Жақсылықта шүкір ету. Міне, осы екі сипат мұсылманда болса онда оның иманы толық болғаны.

                 ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша

                 өкіл имамы:  Ержан  Малғажыұлы

                                                       Семей қаласы.