ЕР АДАМНЫҢ ҰРЫҒЫН САТУ НЕМЕСЕ НЕКЕСІЗ БАЛА. Уағыз

Шығыс елінің мынадай бір мақалы бар екен: «Терезені ашсаң таза ауамен бірге шаң-тозаң да кіреді».

Сол сияқты еліміз егемендік алып, өз алдымызға дербес ел болдық. Келмеске кеткен кеңес дәуіріндегі темір торды айқара ашып, алысты-жақынды елдермен қоян-қолтық араласа бастадық. Осының арқасында елімізде жаңа өмір тынысы басталып технологиямыз алға жылжи бастады. Дамыған елдердегі қандай да бір жетістіктерді саралап-тексерусіз, талғамсыз өзімізге қабылдап сіңіре бердік. Оның үстіне «жақандану» кезеңіне тұспа-тұс келіп отырмыз.

Қазіргі таңда қазақ топырағына кәрі құрлықтан «ер адамның ұрығын сату» жүйесі келіп төрімізден орын алып алды. Бұл еліміз үшін қаншалықты пайдалы; немесе қаншалықты зияны бар? Біз мұсылман елі болғандықтан осы мәселеге шариғаттың көзқарасы қалай? Құран кәрім ол, қоғамды жөндеу үшін түскен, сондықтан Алла тағаланың тиым салған нәрселерінен тиылсақ қоғам түзеліп, азғындық атауынан алыс болады. Ал егер Алланың тиғанынан тиыла алмасақ, сонда қоғам азғындыққа ұшырайды.

Ер адамның ұрығын сату қашан пайда болды? 1973 жылы алғаш Франция еліндегі «Бастир» ауруханасында «адамның ұрығын сақтау және оны зерттеу» банкысы ашылады. Ал 1975 жылы осы мақсатта 10-орталық орны ашылады.

Америкадағы  Калифорнияда 1980 жылы әлем бойынша алғаш «адам ұрығын сату» банкысы немесе компаниясы ашылады. Оның негізін қалаған Руберт Жараһал еді. Ол компания әлемде Нобел силығын алған ғалымдардың, жетістікке жеткен спорт шеберлерінің ұрықтарын сатып алып сататын болды. Бірақ компания өздерінің клиенттеріне (сатып алушыларға) ұрықтың иесінің аты-жөнін айтпайды, өйткені болашақта түрлі кедергі туындамас үшін.

Ұрықты сатып алушы әйелдерге каталог ұсынылады. Сол каталогқа қарап қандай ұрық керек екенін таңдайды спорт шеберінікі ме жоқ әлде нобел силығына ие болған ақылды данышпандікі ме.

Осындай компания немесе банк 1985 жылы АҚШ-та Англияда және Австралиядажәне Япония елдерінде кең етек жайды.

Ғалымдардың айтуынша бір еркектен алынған ұрық жүз әйелге жететін көрінеді.

90-шы жылдың басына дейін Ғалымдардың пайымдауынша осындай ұрықтану жолымен 1 миллион бала дүниеге келген екен

Адам баласының ұрығын сату жайында дініміздің көзқарасы қандай?

Арабтарда ислам діні келмей тұрғанда некенің бірнеше түрі бар. Имам Бухариде Айша анамыз айтады: «Күйеуі әйелін басқа бір ер адамға ол ер адам мүмкін алып күш иесі мүмкін ақылды данышпан болғандықтан күйеуі әйелін сол еркекпен төсектес болып, одан жүкті болу үшін әйелін жібереді». Бұндай неке жаһилет кезінде «Никаху сифах» немесе «Никаху Истибдағ» деп аталды.

Ислам діні келгенде осындай некенің түрін харам етіп тиым салды.

Қазіргі таңдағы адамның ұрығын сату осы жоғарыда келген жаһилет кезіндегі «Накаху истибдағ»-қа ұқсайды. Сондықтан дінімізде «Накаху истибтағ» харам етілгендей «адамның ұрығын сату» да харам болады.

Сонымен қатар ислам шариғатында қандайда бір сатылатын заттың құны болу шарт.

Сондықтан шариғат бойынша арақтың құны жоқ құнсыз дүние. Алла Тағала Мәйда сүресінің 90-91-ші аяттында арақты харам еткендіктен ол құны жоқ дүниеге жатады. Және осыған байланысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-да арақты харам болғаны жайында хадистері көп.

Адам баласы Алланың мүлкі.

Сенің денең мен денсаулығың саған аманат. Сондықтан адам баласы өзінің денесіндегі ешқандай нәрсені сатуына хақысы жоқ.

Имам Бухари 10т.114 б. (Китабу Итара). Абу Дауд 3т. 265б. (Китабу Буюғ). Тирмизи 3т.  563, 564б. (Китабу Буюғ). Ибн Мәжа 2т. 731б. Насаи 7т. 310б. (Китабул Буюғ). Ибн Омардан руаят етілген: «Пайғамбарымыз (с.а.ғ.) малдың ұрығын сатуға тиым салды».

عن ابن عمر قال: “نهى رسول الله صلى الله عليه و سلم- عن عسب الفحل”.

Фиқ  ғалымдары: малдың ұрығын сату харам екеніне бір ауыздан келісті.

Сондықтан малдың ұрығын сатуға Пайғамбарымыз (с.а.ғ.) тиым салып харам еткендіктен: «адам баласының ұрығын» сату да харамға жатады. Адамның ұрығын сататын компаниядан әйелдер ұрық сатып алып содан бала көтерді дейік. Сонда бірнеше әйел бір ер адамның ұрығын салдырды. Бірақ олар кімнің ұрығын салдырғандарында білмейді. Ертең сол әйелдер дүниеге біреуі ұл, біреуі қыз алып келеді. Ал ол екі әйелге де бір еркектің ұрығы салынды, сонда ұл мен қыз ертең үйленіп жатса ағасы қарындасын алады деген сөз ғой. Ғалымдырдың айтуынша бір еркектің ұрығын жүз әйелге салады екен. Сонда олар әкелерін  және шыққан тегін білмегендіктен ертең жас ұрпақ ағасы қарындасын әйелдікке алады деген сөз ғой. Не үшін Алла Тағала Құран Кәрімде Ахзаб сүресінің 5-ші аятында: «Туған әкелеріңнің атымен атаңдар». Деді .

قال نعالى:”ادعوهم لا بائهم”.

Алла Тағала осы аятта, әр бала өзінің туған әкесінің атымен аталуын бұйырды. Өйткені кім өзінің қарындас, апайын немесе олардың қыздарын т.б. жақындарын алуы мүмкін. Қоғам осылай бұзылмай ма. Тексіз бала дүниеге осылай келмей ме. Ондай бала ер жетіп елді қалай көркейтеді. Алла Тағала Самуд, Ғад, Лут қауымдарына неге апат жіберді. Өйткені олар бұзылып кеткен қауым еді. Неге біз Құрандағы осы қауымдардың оқиғасынан ғибрат алмаймыз.

Адамның ұрығын сату дегеніміз қоғамды бұзу деген сөз. Ал қоғам бұзылса Алланың азабы бұзылған елге жақын. Алла  тағала  жақын  адамдардың  бір- бірімен  үйленуіне  тиым  салып , харам  етті .Ниса сүресінің 23-ші аятында **  Сендерге аналарың ( және әке – шешелеріңнің аналары) қыздарың , ( ұл –қыздарыңның  қыздары )  қыз туыстарың ( әке – шешесі бір не бөлек  болса  да ) әкелеріңмен  туысқан  әйелдер , шешелеріңмен туысқан әйелдер , еркек және қыз туыстарыңның  қыздары ( олардың  қыздары )

قال  تعالي ** حرمت  عليكم  امهاتكم  و بناتكم  و اخواتكم  و عماتكم  و خالاتكم  و بنات  الاخ  و بنات الاخت …**

Қазіргі таңда «Адамның ұрығын сату» компаниялары қазақ жеріне аяқ басып, рухы биік қазақ елін іштей ірітпек. Тіпті нәсіліміз мықты болсын деп жеті атадан кейін ғана құдандалы болған ел едік.  Аналарымыз сәбилерін дәретсіз емізбеген ел едік. Осындай рухы биік ел бүгін кімге айналды.

                                                                                                 Ержан қажы Малғажыұлы

                                                                                                 Қазақстан Мұсылмандары Діни

                                                                                                 Басқармасының Семей аймағы

                                                                                                 бойынша өкіл имамы